АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық «Барыс» Ресейдің Омбы қаласында өтіп жатқан шайбалы хоккейден Блинов турнирінде екінші жеңісіне қол жеткізді деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жолы елордалық клуб Омбының «Аванград» командасымен шеберлік байқасты.
Кездесу барысында ресейлік клубтан Рид Буше небері 17-секундта есеп ашқан еді. Одан кейін «Барыс» сапынан Кирилл Савицкий 6, Самат Данияр 19-минутта екі гол соғып кетті.
Екінші кезеңнің 24-минутында «Аванград» хоккейшісі Либор Шулак есеп айырмасын қысқартты.
Ал үшінші кезеңде қазақстандық командадан Райли Барбер 45, 58-минутта қос голдың авторы атанса, 59-минутта ресейлік хоккейші Иван Николишин қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша «Барыс» қарсыласынан 4:3 есебімен басым түсіп, турнирдегі екінші жеңісіне қол жеткізді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) командасынан басым түсті.
Енді елордалық клуб 25 тамызда сағат 11:00-де Ниженкамскінің «Нефтехимигімен» шеберлік байқасады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.