Хоккей: «Барыс» бүгін Ресейдің «Адмирал» клубымен кездеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) клубына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ойын бүгін, 13 қазан күні елорда уақытымен 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 27 мәрте кездесті. Оның 15-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында қытайлық клубтың мерейі үстем болды.

Қазір турнир кестесінде он жеті ойыннан кейін 17 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 13-орында келеді.

Ал, он жеті ойыннан кейін 16 ұпай жинаған «Адмирал» 17-орынға жайғасқан.

Кейінгі он кездесудің бесеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада «Куньлунь Ред Стар» командасынан жеңілді.



Фото: hcbarys.kz