НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысына дайындық мақсатында ресейлік «Динамо» (Мәскеу) командасымен тағы бір мәрте жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл кездесуде елордалық клуб сапынан Егор Петухов (15-минут), Никита Михайлис (42-минут) және Аркадий Шестаков (56-минут) соққан үш голға мәсекеулік клуб алты голмен жауап қайырды. Осылайша «Барыс» қарсыласына 3:6 есебімен есе жіберді.
Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық клуб 22 ақпанда жолдастық кездесуде «Динамо» (Мәскеу) командасын буллиттен 4:3 есебімен басым түсті.
Сондай-ақ, қазақстандық клуб 21 ақпанда ресейлік «Спартак» командасынан 7:2 есебімен тізе бүктірді.
«Барыс» құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сатысының бірінші кезеңінде Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасымен шеберлік байқасады.
Ойындар 1-13 ақпан аралығында болады. Жеңімпаз бір команданың төрт мәрте жеңіске жетуіне дейін жалғасады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.