НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін, 1 желтоқсанда елордада Ресейдің «Сочи» командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Екі команда да биылғы біріншілікті сәтсіз өткізіп келеді. Екеуі де турнир кестесінде төменгі орындарда тұр. Сондықтан олар жеңіске жету жолында бар күшін салатыны анық болатын.
Бүгінгі кездесудің бірінші кезеңінде елордалық клуб жинақы қимыл көрсетті. Шабуылға жиі шықты. Нәтижесінде Роман Старченко 11, Якоб Лилья 12-минутта мергендігімен көзге түсті.
Айта кетерлігі, бүгінгі кездесуде ресейлік клуб хоккейшілері жиі тәртіп бұзды. Осылайша «Барыс» қарсыласын 2:0 есебімен жеңді.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын «Барыс» елордада Ресейдің «Спартак» (Мәскеу) командасынан басым түсті.
Айта кетерлігі, осылайша «Барыс» екінші ойын қатарынан жеңіске жетті.
Енді «Барыс» 4 желтоқсанда елордада Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) командасын қабылдайды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.