Хоккей: «Барыс» елордада «Адмиралға» есе жіберді
22:00, 03 Қараша 2022
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) клубына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ойынның бірінші кезеңінде командалар бір-бірінің қақпасына шабуыл жасады. Дегенмен мүмкіндіктерді пайдалана алған жоқ.
Екінші кезеңнің 25-минутында «Барыс» сапынан Егор Петухов есеп ашқан еді. Оған ресейлік клубтан екі голмен жауап қайырды.
Үшінші кезеңде ресейлік клуб басымдықты арттыра түсті. Нәтижесінде елордалық клуб қақпасына тағы екі шайба соқты.
Осылайша «Барыс» қарсыласынан 1:4 есебімен жеңіліп қалды.
Еске салсақ бұдан бұрын «Барыс» хоккей командасы ресейлік «Сибирь» клубын жеңіп кеткен.
Фото: sports.kz