АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада «Амур» (Хабаровск) клубына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кездесу барысында қазақстандық команда алдымен есеп ашты. Оны 18-минутта Аңсар Шайхмедденов өзінің еншісіне жазды. Көп ұзамай 19-минутта «Амур» хоккейшісі Сергей Дубакин таразы басын теңестірді.
Екінші кезең басталғанда ресейлік команда шабуыл ұйымдастырды. Осындай сәттердің бірінде олардың қатарынан Ян Дрозг 21-минутта өзінің командасын алға шығарды.
Ойының 59-минутында реесйлік командадан Александр Шаров қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 1:3 есебімен жеңіліп қалды.
Енді «Барыс» 21 қарашада елордада Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасына қарсы өткізеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» «Автомобилист» командасынан жеңіліп қалды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.