Хоккей: «Барыс» хоккей клубы «Сібірді» жеңді

АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Кеше Құрлықтық хоккей лигасы аясында кезекті ойынын өткізген «Барыс» хоккей клубы өз айдынында «Сібір» (Новосібір) командасын тізе бүктірді.

Осы жолғы ойында «Барыстың» бірінші  «үштігі»: Константин Руденко - Дмитрий Уппер - Николай Антроповтардың шеберлігі барынша байқалды. Олар таразы басын 2:0-ге дейін жеткізе білді. Қарсылас «Сібір» командасы оған тек бір шайбамен ғана жауап бере алды. Ойынның қорытындысы 2:1.

Айта кетейік, «Барыс» келесі ойынды «Металлургпен» өткізеді.