АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Кеше кешқұрым Құрлықтық хоккей лигасы аясында өткен ойында астаналық «Барыс» өз алаңында «Динамоны» (Рига) айқын басымдықпен жеңді.
Атап айтқанда, бұл кездесуде «Динамо» тегеурінді қарсылық көрсеткенімен астаналықтар жақсы ойын өрнегімен ерекшеленді. Бұл тартысты доданың нәтижесі бойынша «Барыс» қонақтарды 5:0 есебімен тізе бүктірді.
Елордалық команданың келесі кездесуі 17 қазанда «Донбасс» хоккейшілерімен өтеді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.