Хоккей: «Барыс» келесі ойынын Мәскеуде өткізеді

АСТАНА. 18 қыркүйек. ҚазАқпарат - «Барыс» хоккей клубы келесі ойынын Мәскеу қаласында, «ЦСКА» құрамасымен өткізеді.

 Айта кетейік, кеше «Нефтехимик» (Нижнекамск) құрамасынан ұтылған «Барыстың» хоккейшілері Чернышев дивизионында соңғы орынға сырғыды, небәрі 5-ақ ұпайы бар. Ал «ЦСКА» осы уақытқа дейін алты ойын өткізіп, соның төртеуінде жеңіске жетті. 10 ұпай жинаған мәскеулік хоккейшілер өз тобында үшінші орында келеді.