Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасында алтыншы ойынында Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) командасынан басым түсіп, алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетсек, елордалық клуб Құрлықтық хоккей лигасындағы бұдан бұрынғы бес кездесуінде қарсыластарына есе жіберген еді.
Сондықтан, бүгінгі кездесуде жеңіске жетуге бар күшін салды. Оған реесйлік клуб барынша қарсылық көрсетті.
Ойынның 5-минутында «Барыс» сапынан Джозеф Лабейт есеп ашса, одан кейін «Адмирал» қатарынан Максим Чудинов 16, Павел Шэн 24-минутта екі шайба соғып кетті.
Ал, 26-минутта Джереми Бракко таразы басын теңестірсе, Джованни Фьоре 40-минутта қайтадан «Адмирал» командасын алға шығарды.
Ойынның 42, 53-минуттарында «Барыс» капитаны Роман Старченок қос шайба соғып, өз командасына жеңіс алып келді.
Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 4:3 есебімен басым түсті.
Енді «Барыс» алдағы ойынын 18 қыркүйекте елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына қарсы өткізеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.