Хоккей: «Барыс» командасы «Амурмен» болған екінші кездесуде ұтылып қалды
12:23, 14 Қаңтар 2011
АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Кеше, 13 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасы аясында «Барыс» командасы мен «Амур» арасында өткен екінші ойында астаналық хоккейшілер ұтылып қалды.
Естіріңізге сала кетейік, 12 қаңтарда Хабаровск қаласында «Амурмен» болған бірінші матчта «Барыс» 4:2 жеңіске жеткен еді.
Кешегі ойынның бірінші кезеңінің басында айдын иелері есеп ашты. Ал екінші кезеңнің басында астаналық Лукаш Кашпар есепті теңестірді. 14-минутта «Барыс» хоккейшілері екінші шайбаны соқты. Алайда тартысты доданың осы кезеңінде «Амур» ойыншылары екі шайбаны қатар салып, алға шықты. Үшінші кезеңнің 8-минутында астаналықтар есепті қайта теңестірді (3:3). Осыдан кейін көп ұзамай алаң иелері екі шайбаны бірінен соң бірін салып, бұл кездесуді өз пайдаларына шешті. Есеп 5:3. «Барыс» командасының сырт айдындағы келесі кездесуі 15 қаңтарда Новосибирск қаласында «Сібір» хоккейшілерімен өтеді.