Хоккей: «Барыс» мәскеулік «Динамо» клубынан басым түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысына дайындық мақсатында ресейлік «Динамо» (Мәскеу) командасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық клуб тарапынан бірінші кезеңде Коди Куник пен Валерий Орехов мергендік танытты. Оған мәскеулік клубтан екі голмен жауап қайырып, таразы басы теңесті.

Екінші кезеңде қазақстандық Әлихан Әсетов басымдықты арттырды. Дегенмен ресейлік клуб гол соғып, ойын тең нәтижемен аяқталды.

Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Буллитте «Барыс» жеңіске жетті. Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 4:3 есебімен басым түсті.

Айта кетсек, екі команда 24 ақпанда тағы бір мәрте жолдастық кездесу өткізеді.

Бұдан бұрын қазақстандық клуб ресейлік «Спартак» командасынан 7:2 есебімен басым түскен еді.

«Барыс» құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сатысының бірінші кезеңінде Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасымен шеберлік байқасады.

Ойындар 1-13 ақпан аралығында болады.

Жеңімпаз бір команданың төрт мәрте жеңіске жетуіне дейін жалғасады.