Матчтың тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 19:30-да басталады, оны Qazsport телеарнасынан көруге болады. 13 ойыннан кейін «Барыс» Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде 15 ұпаймен 6- орында болса, небары 7 ұпай жинаған «Нефтехимик» 11-орында тұр.
Соңғы кездесуінде «Барыс» өз алаңында «Сочиден» қосымша уақытта (5:4) басым түссе, «Нефтехимик» сырт алаңда Челябі қаласының «Тракторын» (2:1) ұтты.