Хоккей: «Барыс» өз алаңында ұтылып қалды

АСТАНА. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат - Кеше Құрлықтық хоккей лигасы аясында өнер көрсетіп жүрген астаналық «Барыс» клубы өз алаңында «Металлург» (Новокузнецк) хоккейшілерімен кездесті.

Ойын барысында «Барыс» хоккейшілерін қайта-қайта айып орнына отырғызу нәтижесінде елордалық команда азшылық құрамда жеңіліс тапты.  Атап айтқанда, тартысты доданың бірінші кезеңінде, яғни алғашқы жиырма минутында астаналық хоккейшілер қонақтардан басымдықтарын көрсетіп, есеп ашты. Алайда, кейінгі екі кезеңде «Барыстың» азшылық құрамдағы сәтін пайдаланып, «Металлург» хоккейшілері 5 шайба салып, алға озды. Сонымен ойын нәтижесі 1:5 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.

Енді «Барыс» өз алаңында 1 қазан күні «Амур» командасын қабылдайды.