Хоккей: «Барыс» өз алаңында «Витязь» командасын ұтты

АНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы кешегі ойында астаналық «Барыс» өз алаңында «Витязь» (Чехов) командасын 2:0 есебімен ұтты.

Ойынның бірінші кезеңінде командалардың қарқыны тең болды. Тек екінші кезеңнен бастап айдын иелерінің басымдығы байқала бастады. Атап айтқанда, астаналық команда қонақтардың қақпасына бірнеше мәрте қауіпті сәттер туғызды. 17- минутта «Барыс» командасы есеп ашты. Ал үшінші кезеңде «Витязь» командасының шабуылы үдей түсті. Алайда қонақтардың тегеурінді шабуылына қарамастан астанылық команда тағы бір шайба салып, есепті еселеді.