Хоккей: «Барыс» пен Қазанның «Ақ Барыс» командалары арасындағы плей-офф ойындары аяқталды

АНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы аясында астаналық «Барыс» пен Қазанның «Ақ Барыс» командалары арасындағы плей-офф ойындары аяқталды.

Өкінішке қарай, астаналық команда осы кезеңде Қазан хоккейшілерімен плей-офф аясында қатарынан өткен 4 кездесуде де жеңіліс тапты. Осылайша, Гагарин кубогы үшін болатын турнирдің ширек финалына "Ақ Барыс" жолдама алды.

Естеріңізге сала кетейік, 24-28 ақпан аралығындағы плей-офф кезеңіндегі тартыста «Ақ Барыс» командасы «Барысты» 0:1, 0:3, 1:6, 2:4 есебімен ұтты.