ХОККЕЙ: «Барыс» Президент Кубогiнiң финалында «Авангардтан» жеңiлiп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық 'Барыс' хоккей клубы Қазақстан Президентi Кубогiнiң финалында 'Авангардтан' жеңiлiс тапты.

Астанадағы "Қазақстан" спорт сарайында өткен матч 5:3 (0:0, 3:1, 2:2) есебiмен аяқталды.

Қос команда ойындағы есептi тек екiншi таймда аша алды, 24-ші минутта алғашқы голды Евгений Рымаревтiң арқасында "Барыс" салды. Дегенмен қонақтар екiншi таймның соңына дейiн есептi теңестiрiп қана қоймай, алға шығып үлгердi. Алдымен Кирилл Семенов (29-шы минут) көзге түссе, кейiн Том Ванделль (37-ші минут) өз командасын алға жетеледi. Ал таймның соңғы секундтарында Владимир Первушин астаналықтарға үшiншi шайбаны тоғытып кеттi.

Соңғы таймда "Барыс" қақпашысы Ян Лацо тағы бiр шайба өткiзiп алды. Ойынның 42-ші минутында тiркелген голдың авторы - Денис Паршин. 49-шы минутта Кевин Даллмэн "Барыс" сапына оралғаннан кейiнгi алғашқы голын салуға мүмкiндiк алды. Бiрақ көп ұзамай Александр Попов "Авангард" еншiсiне бесiншi голды қосты.

"Барыстың" шабуылшысы Дастин Бойд кездесудiң 57-ші минутында есептi 5:3-ке жеткiздi. Осылайша, "Авангард" ҚР Президентi Кубогiнiң жеңiмпазы атанды.