Хоккей: «Барыс» «Салават Юлаевқа» есе жіберді
Командалар турнирдің плей-офф кезеңіне шығу мақсатында бар күшін салып келеді. Айта кетейік, «Барыс» соңғы 10 кездесудің 7-де басымдық танытты. Ал «Салават Юлаев» соңғы 10 ойында небәрі 3 рет қана жеңілді. Елордалық клуб 49 ұпаймен 16 орында тұрса, «Салават Юлаев» 58 ұпаймен 7 орынға жайғасқан.
Бүгінгі кездесуде ресейлік клуб сапынан Филип Ларсен 13-минутта есеп ашты. Одан кейін «Барыс» хоккейшілері Кирилл Панюков 22, Якоб Лилья 28, Никита Михайлис 29-минуттарда мергендігімен көзге түсті. «Салават Юлаев» ойыншылары Сакари Маннинен 32, Джефф Плэтт 37, Александр Алексеев 41-минуттарда гол соғып кетті. Ал Маркус Гранлунд 47-минутта «Салават Юлаевтың» басымдығын арттыра түсті. Қорытынды есепті 58-минутта реесйлік хоккейші Пётр Хохряков белгіледі. Ойында «Барыс» қарсыласынан 3:6 есебімен жеңіліп қалды.
Енді «Барыс» елордада 17 қаңтарда Ресейдің «Амур» (Хабаровск) командасын қабылдайды.
Естеріңізге сала кетелік, «Барыс» бұдан бұрын «Ак Барстан» жеңіліп қалды.