Хоккей: «Барыс» Швейцариядағы турнирде екінші орын алды
02:41, 18 Тамыз 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» командасы Швейцарияда өткен Lehner Cup маусым алдындағы турнирде екінші орынды иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандықтар швейцариялық «Цуга» клубынан - 3:5 есебімен ұтылды. «Барыс» клубынан Аркадий Шестаков, Ярослав Евдокимов, Павел Акользин шайба салды.
Еске сала кетсек,турнирдің бірінші кездесуінде «Барыс» тағы да бір швейцариялық «Амбри-Пиотта»командасын - 4:1 есебімен жеңген еді.
Жарыс қорытындысыбойынша бірінші орында «Цуг» клубы тұр, үш ұпаймен «Барыс» екінші орында, «Амбри-Пиотта» үшіншіорында, ал чехиялық «Витковице» төртінші орынды алды.