Хоккей: «Барыс» швейцариялық «Давосты» тізе бүктірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың «Барыс» хоккей клубы «Давоспен» (Швейцария) жолдастық кездесу өткізіп, 4:3 есебімен басым түсті, деп хабарлады қазақстандық команданың баспасөз қызметінен.

Алғашқы кезеңде қарсыластарына 0:1 есебімен есе жіберген астаналықтар ойынның екінші жиырма минутында Роман Савченконың (Лакиза) арқасында 1 шайба салды. Ал осыдан кейін швейцариялық қақпашының осал тұсын дөп басқан Майк Ландин (Даллмэн) командасын алға шығарды. Дегенмен, мұз айдыны қожайындары есепті теңестіре алды. Алайда олар мұндай есепті ұзақ ұстай алмады. Евгений Рымарев (Боченскидің пасымен) тағы да «Барыс» командасын алға жетелесе, Константин Руденко (Пушкарёв) астаналықтардың жеңісін еселей түсті. Бірақ, соңғы минутта «Давос» 1 шайба салуға мүмкіндік алды. Осылайша, ойын 4:3 есебімен қазақстандықтардың пайдасына шешілді.

«Барыс» Швейцариядағы оқу-жаттығу жиыны аясында жергілікті «Давос» командасымен екі жолдастық кездесу өткізеді. «Давос» өңірдегі мықты командалардың бірі саналады. Ол - елдің бірнеше дүркін чемпионы, Шпенглер кубогының 15 мәрте иегері.

Екі команда арасындағы келесі ойын 3 тамыз күні Сурси қаласында Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады.