Хоккей: «Барыс» «Сибирь» командасымен кездеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада «Сибирь» (Новосибирск) клубына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ойын елорда уақытымен 17:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 43 мәрте кездесті. Оның 20-ы «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Қазір турнир кестесінде үш ойыннан бес ұпайға қол жеткізген «Барыс» 19-орында келеді. Ал жеті ойыннан кейін 9 ұпай жинаған «Сибирь» 10-орынға жайғасқан.

Соңғы алты кездесудің төртеуінде ресейлік клуб жеңіске жетті. 2021 жылдың 25 қыркүйегінде елордада өткен ойында «Барыс» 2:1 есебімен басым түссе, сол жылдың 26 қазанында «Сибирь» өз айдынында буллиттен 4:3 есебімен тізе бүктірді.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада «Авангардқа» есе жіберді.