АСТАНА. ҚазАқпарат – «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы аясында бүгін «Сибирь» (Новосібір) командасымен кездесті, деп хабарлайы ҚазАқпарат тілшісі.
Турнир кестесінде ресейлік клуб алғашқы сегіздікте келеді. Ал елордалық клуб жетінші орында тұрған еді. Плей-офф сатысына шығу үшін «Барыс» әрбір кездесуінде жеңіске жетуі тиіс.
Ойын барысында есепті «Сибирь» командасы ашты. Ойынның 30-минутында Алексей Шаров көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Көп ұзамай елордалық команда таразы басын теңестірді. Қазақстандық командадан Джереми Бракко 31-минутта гол соқса, Никита Михайлис 44-минутта «Барысты» алға шығарды.
Осылайша «Барыс» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.
Енді елордалық клуб алдағы ойынын 3 қаңтарда елордада Реесйдің «Металлург» (Магнитогорск) командасына қарсы өткізеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» «Авангард» командасынан жеңіліп қалды.
Фото: hcbarys.kz
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.