Хоккей: Барыс-СКА командаларының ойынын қайдан көруге болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының матчында Санкт-Петербург қаласының СКА командасын қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл ойын бүгін өтеді. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 17:00-де басталады, тікелей трансляция «Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі.