Хоккей: «Барыс» сырт алаңда «Локомотивтен» ұтылып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХЛ аясындағы кездесуде астаналық «Барыс» командасы сырт алаңда Ярославльдің «Локомотивінен» ұтылды.

Ойынның бірінші кезеңінде «Барыс» қарсыластары үш голды қатарынан салды. Тек екінші кезеңде ғана астаналықтар есеп ашты. Алайда, үшінші кезеңде «Локомотив» тағы бір шайба салып, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Бұл жеңілісінен кейін елордалық команда 94 ұпаймен шығыс конференциясында екінші орынға жайғасты.

Осымен «Барыс» ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатындағы ойынды аяқтап, енді 8-9 наурызда өз алаңында Екатеринбордың «Автомобилистіне» қарсы плей-офф сериясын бастайды.