Хоккей: «Барыс» сырт алаңда «Нефтехимиктен» ұтылды

АСТАНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат - Астаналық «Барыс» хоккей клубы Құрлықтағы хоккей лигасының тұрақты чемпионатының матчында сырт алаңда «Нефтехимик» командасынан жеңілді,

деп хабарлады қазақстандық клубтың ресми сайты.

Аталып өткендей, бұл матчта бірінші шайбаны «Барыс» командасы салды. Есепті Константин Романов ашты, 0:1.

Ойын барысында біздің қарсыластарымыз жағдайды оңтайлы пайдаланып, есепті теңестірді. Есеп 1:1.

Қорытынды жиырма минуттықта қатарынан екі рет «Барыс» ойыншылары алаңнан шығарылды. Осылайша бұл кездесу 2:1 есебімен жеңіліспен аяқталды.