Кездесудің 8-минутында айдын иелері сапынан Страка адам саны басымдығын пайдаланып есеп ашты. Алайда дәл осындай басымдық жағдайында жерлестеріміздің қатарынан Савченко 11-минутта есепті теңестірді. Ойынның 46-минутында басымдықтарын ұтымды пайдалана білген «Северсталь» ойыншылары есепті еселеді - 2:1, шайба иесі - Жмакин. Қарсыластар сапынан Цветков «Барыс» ойыншылары санының басымдығына қарамастан, 55-минутта соңғы нүктені қойды. Сөйтіп жерлестіріміз 3:1 есебімен ұтылып қалды.
12:21, 30 Қараша 2010
Хоккей: «Барыс» сырт алаңда «Северстальдан» ұтылды
АТЫ. 30 қараша. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Кеше астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуін Череповецте «Северстальмен» өткізіп, 1:3 есебімен ұтылды.