Хоккей: «Барыс» үш жолдастық кездесу өткізеді
00:42, 10 Ақпан 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысына дайындық мақсатында үш жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жолдастық кездесуге батыс конференциясында сынға түсетін «Спартак» және «Динамо» (Мәскеу) командалары таңдалды. Ойындар 21, 22 және 24 қаңтар күндері өткізіледі.
Ойындардың өткізілу кестесі төмендегіше:
21 ақпан. 16:00. «Спартак» пен «Барыс». «Лужники» аренасы (Мәскеу);
22 және 24 ақпан.16:00. «Динамо» (Мәскеу) мен «Барыс».«ВТБ Арена» (Мәскеу).
Одан кейін Юрий Михайлис шәкірттері елордаға оралады. Одан кейінгі дайындықты өз аренасында жүргізеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын құрлықтық хоккей лигасында Олимпиада кезінде ойындар өтпейтіні хабарланды.