НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сатысында елордалық «Барыс» бүгін, 6 наурызда елордада Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасымен үшінші ойын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Естеріңізге сала кетелік, плей-офф сатысының Магнитогорскіде өткен алғашқы ойынында ресейлік клуб 7:3 есебімен басым түсті . Сол айдында болған тағы бір кездесуде «Барыс» овертаймда 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша жеңістер сериясы 1:1 есебімен тең түсті. Жарыс талабы бойынша плей-офф кезеңінің ширек финалында екі команданың біреуі төрт жеңіске жеткенге дейін созылады.
Енді 8 наурызда елордада тағы ойын болады. Қажет болған жағдайда қосымша ойындар 10, 12, 14 наурыз күндеріне белгіленген.
Екі команда бұған дейін плей-офф сатысында екі мәрте жолықты. Оның екеуінде «Металлургтің» жолы болса, біреуінде «Барыс» аталған қарсыласын қапы қалдырып кетті.
Фото: www.hcbarys.kz
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.