Хоккей: «Барыстың» қақпашысы үздік ойыншы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасыжелтоқсан айының үздіктерін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барыстың» қақпашысыХенрик Карлссон үздіктер қатарынан табылды.

Х.Карлссон өз командасымен бірге тоғыз матчтың алтауында жеңіске жетті. Соның екеуінде Хенрикөз қақпасына гол өткізбей, аман сақтап қалды. Қазақстандық клубтың қақпашысысоққының 94,90 пайызын қайтарды, бұл - осы айдағы озық көрсеткіш. Карлссон 176минут 52 секунд бойы өз қақпасына гол өткізбей тұрды, бұл - осы маусымдағыалтыншы нәтиже.

Сол секілді Мәскеу облысының «Витязь» командасынан Войтех Мозик үздік қорғаушы атанды. Ол өзкомандасымен алты ұтысқа қол жеткізіп, 1 мәрте гол соғып, жеті рет нәтижелі пасберді.

«Динамо» (Мәскеу)командасының намысын қорғайтын Вадим Шипачёв үздік шабуылшы атағына ие болды.Ол өз клубымен 9 жеңіске қол жеткізіп, 18 ұпай (5 гол 13 пас) жинады.

Ал «Йокерит»(Хельсинки) клубының шабуылшысы, 19 жасар Кристиан Весалайнен жаңадан қосылғандарарасынан үздік шықты. 12 матчта 9 ұпай (3 6) жинаған ол ЦСКА (Мәскеу)командасының қақпасына жеңіс голын соқты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Омбыда жергілікті «Авангардпен» өткен кездесуде Хенрик Карлссонныңқырықтан астам сейв жасағанын жазған болатынбыз. Ол үшінші кезеңнің ортасына дейінөз қақпасына гол өткізген жоқ.

Астаналықтар жаңажылдағы алғашқы ойынын 3 қаңтар күні Мәскеуде «Спартакпен» өткізеді.