Бірінші кезеңде норвегиялықтар екі шайба соғып, басымдылық көрсетті. Қақпаның кілтін Мариус Йохансен мен Фредрик Даль тапты. Екінші кезеңде Саян Данияр есепті теңестірді. Үшінші кезеңдегі жиырма минуттық ойында жеңімпаз анықталмай овертаймға көшті. Мұнда қазақстандықтардың бағы жанды, деп хабарлады Sports.kz.
15 сәуірде қазақстандық хоккейшілер Австрия құрамасымен ойнайды.
Норвегия U-18 - Қазақстан U-18 2:3 Б (2:0, 0:2, 0:0, 0:0, 0:1)
Шайбалар:
1:0 - 14:34 Йохансен (Петтерсен, Эгберг). Ойыншылар саны көп болғанда
2:0 - 09:06 Даль (Эллингсен). Ойыншылар саны тең болғанда
2:1 - 21:05 Данияр (Ғабдуллин, Писмаркин). Ойыншылар саны тең болғанда
2:2 - 24:06 Данияр (Орехов). Ойыншылар саны тең болғанда
2:3 - 65:00 Данияр. Буллит
Қақпашылар: Бокманн - Бояркин.