Хоккей: бүгін «Барыс» хоккей клубы «Авангардты» қабылдайды

АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Авангард» (Омбы) командасын қабылдайды.

Айта кеткен жөн, «Барыс» осы уақытқа дейін төрт ойын өткізіп, соның тек біреуінде ғана «СКА» командасынан ұтылып қалған. Қазір команда 9 ұпаймен жалпы турнирлік кестеде 6-шы орында тұр. Ал «Барыстың» бүгінгі қарсыласы «Авангард» соңғы бес матчта үш рет жеңіске жетіп, екі ойында ұтылды. Онда да ол Құрлықтық хоккей лигасының екі азулы командасы - «СКА» (Санкт-Петербор) және «Ақ барсқа» (Қазан) жол беріп қойды. Содан 8 ұпаймен турнирлік кестенің 9-шы орнына орналасты. Бүгінгі ойын Астана уақыты бойынша кешкі сағат 19:00-де басталады. Оны «Kazsport» телеарнасынан тікелей эфир арқылы көруге болады.