Хоккей: Бүгін «Барыс» құрамасы «Нефтехимикпен» кездеседі

АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін астаналық «Барыс» өз айдынында «Нефтехимик» (Нижнекамск) құрамасымен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін Құрлықтық хоккей лигасы аясында соңғы кездесуде «Барыстың» жігіттері лиганың былтырғы чемпионы «Салават Юлаевты» жеңген болатын. Осы ойыннан кейін «Барыста» 4 ұпай бар. Шығыс конференциясында ол 11 орында келеді.

«Нефтехимик» болса, соңғы бес ойында екі рет ұтылып, үш мәрте жеңіске жетті. Оның еншісінде - 12 ұпай. Харламов дивизионында бұл команда көш бастап тұр.