Бұл команда кеше «Витязьден» (Подольск) 3:0 болып ұтылған. Ал «Барыс» Хабаровск қаласының «Амурын» 8:0 есебімен айқын басымдықпен жеңген болатын. Алайда «Барыс» командасының бас бапкері Ари-Пекка Селин қарсыластардың бұл жеңілісін жолдан кейінгі күш-қуаттың сарқылуымен байланыстырып отыр. «Енді, «Юграмен» өтетін кездесуде бірқатар өзгерістер болады. Атап айтқанда, біздің қақпамызды тәжірибесі мол Виталий Еремеев қорғайды», - дейді Ари-Пекка Селин.
Айта кетейік, бүгінгі ойын Астанадағы «Қазақстан» спорт сарайында кешкі сағат 18:00-де басталады. Оны «Қазспорт» телеарнасынан тікелей эфир арқылы көруге болады. Финалдық кездесулер 13 тамызда өтеді.