Хоккей: ЦСКА командасы Гагарин кубогының иегері атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2022/2023 жылғы Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысы финалдық сериясы мәресіне жетті. Мәскеулік ЦСКА командасы Гагарин кубогының иегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ЦСКА финалдық серияда «Ак Барс» (Қазан) командасымен бақ сынасты. Екі клуб бұған дейін серия барысында 3:3 есебімен тең тұрған еді.

Бүгінгі кездесуде 3:2 есебімен армияшылар клуб жеңіске жетіп, кубок иегері атанды.

Бұл ЦСКА үшін өз тарихындағы үшінші трофей. Олар қазірге дейін 2019, 2022 жылдарда жеңімпаз тұғырынан көрінген еді.

Ал «Ак Барс» 2009, 2010 және 2018 жылдарда аталған кубокқа қол созды..

Айта кетсек, биыл елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты кезеңінен аса алған жоқ.