Қазақстандықтар бұл ойында төрт шайбаны қарсыластың қақпасына ендіре білді. Бірінші кезеңде Михаил Паньшин көзге түссе, екінші жиырма минут ішінде Никита Михайлис, ойынның үшінші бөлімінде Иван Степаненко мен Михаил Рахманов айласын асыра білді.
18 желтоқсанда Қазақстан құрамасы Польша командасымен кездеседі.