ХОККЕЙ: Канада құрамасы 2016 жылғы әлем чемпионы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаданың хоккей бойынша құрамасы Мәскеу мен Санкт-Петерборда өтіп жатқан 2016-әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды ресейлік Интерфакс агенттігі.

Ресей астанасында өткен финалда канадалықтар финндарды 2:0 есебімен ұтты.

«Эдмонтонның» шабуылдаушысы Коннора Макдэвиданың есебінде бірінші шайба ойынның 12-й минутында соғылды. Екінші гол кездесудің соңғы секундтарында бос қақпаға соғылды. Оның авторы - «Колорадоның» форварды Мэттью Дюшен.