Хоккей: Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында Словенияны ірі есеппен жеңді
11:45, 16 Сәуір 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы IB дивизионы бойынша әлем чемпионатының соңғы матчында Қазақстан құрамасы Словениямен кездесті.
Бірінші кезең 1:0 есебімен қазақстандық хоккейшілердің пайдасына аяқталды. Екінші партияда отандастарымыз словениялықтардың қақпасына 6 шайба соқты.
Үшінші кезеңде қарсыластар бір-бір голдан алмасты. Алайда кездесудің соңында қазақстандық хоккейшілер есепті 1:9-ға жеткізіп, ойынның нүктесін қойды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы IB дивизионындағы орнын сақтап қалды. Әлем біріншілігі Ұлыбританияның Дамфрис қаласында өтті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы бүгін Словениямен кездесетінін хабарлаған едік.