Хоккей: Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиадаға іріктеу кезеңіне қатысады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы 2022 жылғы Қысқы Олимпиадаға іріктеу кезеңі ойындарына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іріктеу кезеңі бүгін Италияның Торре-Пелличе қаласында басталады. Қазақстандық хоккейшілер G тобында сынға түседі. Қарсыластары - Италия, Испания және Тайвань құрамалары.

Қазақстан әйелдер құрамасының ойын кестесі төмендегіше:

7 қазан, 20:00. Қазақстан - Тайвань

9 қазан, 20:00. Қазақстан - Испания

10 қазан. 00:15. Италия - Қазақстан

Ойындардың уақыты елорда уақытымен берілген.

Қазақстан әйелдер құрамасы бұған дейін 2002 жылы сынға түсті. А тобында Канада мен Швециядан 0:7, Ресейден 1:4 есебімен жеңілді. Өз тобында төртінші орын алып, 5-8 орындар үшін шеберлік байқасты. Онда Германиядан 0:4, Қытайдан 1:2 есебімен жеңіліп, сегізінші орынды қанағат тұтты.