АСТАНА. ҚазАқпарат - Польшада өтіп жатқан әлем чемпионаты бірінші дивизионының «Б» тобында Қазақстан әйелдер құрамасы екінші матчында да жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алдымен Қытайдан ұтылған жерлестеріміз енді турнир қожайындарына буллит сериясында жол берді.
Негізгі уақыт 3:3 есебімен аяқталған. Әзірге бір ұпай жинаған Қазақстан 5-ші орында келеді.
Әлем чемпионаты. Бірінші дивизион. «Б» тобы.
Қазақстан - Польша 3:4 Б (2:1, 0:2, 1:0, 0:0)
Шайбалар:
1:0 Лихаус - 06:01
2:0 Фукс - 11:06
2:1 Вишорек - 11:44
2:2 Чаплик - 24:39
2:3 Бигос - 28:59
3:3 Фукс - 46:32
Енді отандастарымыз 11 сәуір күні Латвиямен, 12 сәуірде Словакиямен, 14 сәуірде Италия құрамасымен сынға түседі.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.