Хоккей: Қазақстан Беларусьтен жеңіліп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Бірінші арна кубогында алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық хоккейшілер Беларусь құрамасымен кездесті.

Ойын барысында қарсыластар сапынан Владимир Алистров 3, 33, 58, Роман Горбунов 21-минуттарда гол соқты. Оған қазақстандық Роман Старченко 14-минутта бір голмен жауап қайырды.

Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді.

Енді турнир аясында 16 желтоқсан күні 3х3 хоккей бойынша ұлттық командалар арасында тарихтағы алғашқы халықаралық турнир өтеді.

Оған Бірінші арна кубогына қатысушы елдер, сондай-ақ Қытай құрамасы қатысады.

Ал 17 желтоқсанда Ресей мен Қазақстан құрамалары кездеседі.

Аталған турнир 15-18 желтоқсан аралығында өткізіледі.