Наурыз айында қырғыз мамандары бұрын қазақстандық командаға бапкерлік жасаған маманмен алдын ала келіссөз шараларын бастаған еді. Оны Қырғызстандағы алғашқы кәсіпқой хоккей клубын құру мақсатында шақырған. Команда алдағы уақытта Қазақстан біріншілігінде ойын көрсетуі мүмкін. Дегенмен коронавирус пандемиясына байланысты ол уақытша кейінге шегерілді.
Айта кетелік, 2009 жылы дүниеге келген жасөспірім хоккейшілер балалар арасындағы Қазақстан чемпионатында өнер көрсетеді. 2011 жылдан бері Қырғызстан халықаралық шайбалы хоккей федерациясына (IIHF) мүшелікке қабылданды. Аталған елдің ұлттық құрамасы төртінші дивизионда ойнайды. 2019 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турнирінде олар алты құрама арасында соңғы орынды місе тұтты.
Өткен жылы Қазақстан чемпионатында бақ сынау мүмкіндігіне Өзбекстанның «Хумо-2» командасы қол жеткізді . Сондай-ақ, алдағы уақытта олардың қатарын Біріккен Араб әмірлігінің командасы толықтырады деп жоспарланып отыр.