НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Хоккейден Қазақстан чемпионатының басталуы кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде Қазақстан хоккей федерациясы мәлім етті . Аталған шешім еліміздің хоккей саласында эпидемиологиялық жағдайдың туындауына байланысты қабылданып отыр. Естеріңізге сала кетелік, Қазақстан чемпионатының басталу мерзімі 19 қыркүйекке белгіленген болатын.
Чемпионаттың енді қашан басталатыны коронавриус инфекциясының таралуының алдын алуға арналған меемеаралық комиссиясының келесі отырысында қаралатын болады. Арнайы белгіленгеннен кейін жаңа ойын күнтізбесі жасалады.
Айта кетерлігі, «Барыс» хоккей клубының бірнеше ойыншысы коронавирус жұқтырып алды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.