Екінші ойын бүгін, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 16:00-де басталады. Оны Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.
Кездесу Остравадағы 10 004 адамдық «Остравар-Арена» стадионында өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, командалардың бірінші ойынында немістер 4:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Егер бүгінгі ойында олар тағы да жеңіс тұғырынан көрінсе, Қазақстан ТОП-дивизионнан шығады.