Словениядан кейін еліміз командасы Киев қаласына барады. Онда қазақстандық құрама 17-23 сәуірде болатын әлем чемпионатына дайындық шараларын жалғастырады. Чемпионат кестесіне сәйкес Қазақстан құрамасы 17 сәуірде Эстониямен, 17-сі Ұлыбританиямен, 20-сы Литва командасымен, 21-і Польшамен, сондай-ақ 23 сәуір Украина құрамасымен тартысқа түседі.
13:21, 12 Сәуір 2011
Хоккей: Қазақстан хоккей құрамасы әлем чемпионатына қатысады
АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Кеше Қазақстанның хоккей құрамасы әлем чемпионаты қарсаңында жолдастық кездесу өткізу үшін Словенияға келді. Бұл жайында «Барыс» командасының ресми сайтында жарияланған.