ХОККЕЙ: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысу үшін Минскіге келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Хоккейден Қазақстан құрамасы 9 мамырда басталатын әлем чемпионатына қатысу үшін Минскіге келді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық хоккейшілер Минскіге Парижден келді. Олар Францияда соңғы дайындықтарын өткізген болатын. Жерлестеріміз алғашқы ойында 10 мамыр күні Германия құрамасымен кездеседі.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Ресей, Финляндия, Швейцария, Германия, Латвия және Беларусь командаларымен ойнайды.

Еске сала кетсек, әлем чемпионаты Минскіде 9-25 мамыр аралығында өтеді.