АСТАНА. ҚазАқпарат - Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындық барысында Италияға қарсы жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19 сәуірге жоспарланған матч Энье қаласында өтеді. Ойын жергілікті уақытпен 19:30-да басталады.
Естеріңізге сала кетсек, әлем чемпионаты бірінші дивизионының «А» тобындағы матчтар 22-28 сәуір аралығында Киевте өтеді. Элиталы дивизионға берілетін екі жолдамаға Қазақстан, Украина, Австрия, Польша, Венгрия және Оңтүстік Корея құрамалары таласады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.