Мәскеудің Мұз сарайында өткен ойында жанкүйерлер он шайбаның қақпаны тулатқанын көрді. Алты рет турнир қожайындары - Антон Белов (2), Роман Любимов (2), Сергей Мозякин және Евгений Дадонов, төрт рет қазақстандық хоккейшілер - Дастин Бойд, Роман Старченко, Евгений Рымарев, Максим Семёнов көзге түсті.
Өзінің келесі матчын Қазақстан командасы 10 мамырда өткізеді. Олардың қарсыласы норвегиялықтар болады.
Ойынның басталуы астана уақытымен 23. 15.