АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шайбалы хоккейден әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын Венгрияға қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Францияның Анже қаласында 1А дивизионында бүгін алғашқы тур өтті.
Кездесу барысында қазақстандық құрамадан Әділ Бейсембаев 1-минутта есеп ашты. Одан кейін Артур Гросс 14-минутта есепті үстемелесе, Әділ Бейсембаев 15-минутта тағы бір мәрте мергендік танытты.
Осылайша қазақстандық хоккейшілер қарсыласын 2:1 есебімен жеңді.
Қазақстандық жасөспірімдер құрамасы енді 24 сәуірде Жапониямен ойнайды.
Ал 26 сәуірде Дания, 27 сәуірде Украина, 29 сәуірде Франциямен шеберлік байқасады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.