АСТАНА. ҚазАқпарат - Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының бірінші дивизионында «А» тобында өнер көрсеткен Қазақстан құрамасы төртінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Отандастарымыз төртінші кездесуін австриялық командаға қарсы өткізіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық хоккейшілер осыған дейін Латвия құрамасын 4:1, Германияны 3:2, ал Венгрия құрамасын 5:3 есебімен қапы қалдырған болатын.
Осылайша, төрт турдан соң Қазақстан командасы 10 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орында келеді. Көш басында әзірге отандастарымызбен бірдей ұпай еншілеген Германия хоккейшілері келе жатыр. Олар қосымша көрсеткіштер бойынша алда келеді. Латвия 9 ұпаймен үшінші орында.
Енді соңғы турда Қазақстан француздармен кездеседі.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.