Бұл жолы қазақстандық команда 3:1 есебімен қытайлық Тайпейден басым түсті. Қазақстан сапынан Томирис Оспанова, Александра Голотвина және Аружан Кеңесовалар мергендігімен танылды.
Топтық кезеңде Түркия мен Австралияны жеңген қазақстандықтар финалда Корея командасымен кездеседі.
Ақтық кездесу 19 қаңтар күні Астана уақытымен 01:00-де басталмақ.